Облыс әкімі Асайын Байханов ауыл аймақты аралап жүр. Кезекті кездесу Аққулы ауданы, Тілектес ауылы тұрғындарымен өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Алдымен аудан басшысы Руслан Мұқанов атқарылып жатқан жұмыстар барысын таныстырды. Келесі жылы ауданда 5 жаңа жоба іске аспақ. Олардың маңыздысы Аққулы ауданындағы су құбыры жобасы деп танылды.

РУСЛАН МҰҚАНОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Екіжылдық жоба, келесі жылға қаражат бөлінді, 330 млн теңге. Оны келесі жылы іске асырамыз, мердігер анықталды. ТОО «Логетек», деген, ауданымыздың тұрғыны. Қазір енді көктем келгенде жұмыстарды бастайтын болады.

Аққулы ауданының эконмикасы оң динамикаға ие. Ауданға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылды. Өңір басшысы дамудың негізігі бағыттарының бірі ауылшаруашылығы екенін атап өтті.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Биылғы жылы төрт түлік мал басы мен өнім өндіруде өсім байқалады. Осы жолы ауданның суармалы жерлері көлемі 7 мың га дейін ұлғайды. Биыл алғаш рет «Агросервис Аққу» ЖШС мен 400 га алқапқа соя егілді. Бұл бірінші тәжірибеміз. Мемлекет басшысының «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарақала ауылының «Айгөлек» балабақшасы мен 4 көшесі жөнделді.

Облыс әкімінің баяндамасынан кейін ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

БОЛАТ ӘУБӘКІРОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ИЕСІ

Былтыр күздің кезінде десятка сым замакания боп, шөпке түсіп, жанып кете жаздады. Енлі сол сіздің көмегінңіз керек. Сол ана сымды линиядан алып, мына көшеден өткізсеңіздер.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл оңай нәрсе емес, мұны жобалау керек. Сіздерге былай істейік біз, бұл сұрақты талдайық Павлодар энергетикалық компаниясымен. Біздің облыстық энергетика басқармасының басшысы тұр артынызда, сол кісі солармен кездесу өткізеді. Содан кейін нақты жауап сіздерге алдағы 2 аптадан кейін, жаңажылдан кейін береміз.

Аудан халқының саны 12 мыңнан асады. Кездесудегі сауалдардың бірі ауызсу мәселесіне қатысты болды.

БАҚЫТ МҰХАМЕДЖАНҚЫЗЫ, ЗЕЙНЕТКЕР

Әр отбасына, әр шаңыраққа су құбыры тартылады деп айтылған. Сол болады ма, бола қалса қашан ?.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауызсумен қамту әр ауылды, әсіресе 200-250-ден астам халқы бар ауылда бірінші кезекте. Сондықтан сіздердің ауылдарыңыздың қазір жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатыр. Ол аяқталғаннан кейін оған біз міндетті түрде қаражат бөлеміз.

500 ге жуық тұрғыны бар Шақа ауылы мектебінде 82 бала білім алады. Үйірмелер мектеп ішінде өткізіледі екен. Ауыл азаматтары облыс әкімінен елдімекенге мәдениет үйін салып беруін өтінді.

АЛТЫН АСАУБАЕВА, ШАҚА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Біздің ауылымызда мәдениет үйі жоқ. Мәдениет үйі Ертіс орманы Бесқарағай орманының негізгі ғимараты болып табылады.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сіздердің ауылдарыңызды мен 2025 жылға кіргізе алмаймын, осыны бірден айтайын. Қарастырайық.Дәл сол мәдениет үйі проблема болса, ол жерде халықтың саны, баланың саны азаймайтын болса соған қарайық.

Бұдан бөлек тұрғындар жер мәселесіне қатысты сауалдарын жолдап, алдағы уақытта спорт сарайын салу сияқты ұсыныстарын білдірді.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНАН