Облыс орталығында алғаш рет қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумы өтті. Оған 400-ге жуық педагог қатысты. Форум туралы толығырақ тілші материалынан көрейік.

 «Қазақ тілін дамыту: заманауи әдістеме және жаңа мүмкіндіктер» атты форум ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталды. Форумның өтуіне Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өңіріміздегі филиалы ұйытқы болды.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл енді қазақ тілі мұғалімдерінің қазақ тілінінің қолдану аясын кеңейтуде атқарып отырған рөлі мен мүмкіндіктері өте зор. Сондықтан алғаш рет осы кісілерді жинап, пікір алмасу. Бұл жерде Астанадан ғалымдар, тіл мамандары келіе, семинар ретінде оқыту жұмыстарын жасайды, тәжірибе алмасады. Осы форумнан үлкен нәтиже күтіп отырмыз. Өйткені мұғалімдер қазақ тілін үйретуде жаңа әдістер үйреніп, ары қарай болашақта жұмыстарына қолданып, тілдің қолдану аясын кеңейтеді деп ойлаймыз

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету. Сондықтан форумда спикерлер маңызды тақырыптарды көтерді.

ШЕРУБАЙ ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ВИЦЕ ПРЕЗИДЕНТІ, АКАДЕМИК

Қазақстанда қазақ тілі мен қатар орыс тілінің еркін қолданылуына заңдық негіз бар. БҰҰ ресми тілдерінің бірі ретінде белгіленген. Кез келген адам қажетілікке байланысты тілдің қолданысын, оның кең таралғандығын, немесе кәсіпке пайдаланатындығына қарап тіл үйренері белгілі

Үш тілді оқу, заман талабы десек, оның ішінде қазақ тілінің алатын орны ерекше. Осы ретте, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту үшін педагогтер сабақты жаңа әдстермен, қызықты өткізуге тырысады.

АҚМАРАЛ АРТЫҚБАЕВА, КЕНЖЕКӨЛ ЖОББМ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Қазіргі таңда талап ететін ол заманауи әдіс-тәсілдер. Бұл әдістерді сабақта өте тиімді қолдану керек, Қазіргі заман өзгерістерді,яғни бір қалыпта тұрмай көп өзгерістерді қажет етеді. Әріптестермен кездесу, бір-бірімен тәжірибе алмасу біз үшін өте маңызды

Сондай-ақ, форумға жас мамандар да қатысты.

ШЫНАРГҮЛ БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ (ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ)

Әрине мұндай форум осындай үлкен көлемде өтіп жатқанына қуаныштымыз. Себебі, бізге басқа ұстаздардың тәжірибесі өте қызықты және маңызды. Мен биыл жас маманмын, бірінші жыл жұмыс істеп жатырмын 00:31

Форумда ұстаздарға ашық микрофон ұсынылды, олар өз кезегінде сұрақтарын қойып, ұсыныстарын да білдірді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Қымбат Садық