Павлодар қаласында жастар бастамаларын дамыту орталығында білім саласының үздігі Алла Леонидовна Черепанова-АльперОевич 11-ші кітабының қолжазбасын таныстырды. Шараға оқырман қауым, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.

Алла Леонидовна «Шапағат» мейірімділік медалінің иегері. Ол саналы ғұмырын педагогика, білім беру саласына арнаған. Ұстаз шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, білім беру саласының дамуына сүбелі үлес қосқан жандардың бірі.

АЛЛА ЧЕРЕПАНОВА-АЛЬПЕРОВИЧ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мені «Шапағат» мейірімділік медалімен марапаттады. Мен өз еңбектерімді қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік тақырыптарын арнаймын. Еліміздің 40 қаласын араладым. Жас буын ерлік көрсетіп, қаза тапқан сақшылардың өмірін білу керек. Қылмыскер қолынан қаза тапқан Газиз Байтасовтың ерлігі жайында жаздым. Біз полиция батырларының есімін есте сақтап, олардың ерліктерін ұмытпауымыз керек.

Шара барысында кітап авторы қатысушыларға өзінің ерекше сыйлығын тарту етті. Алла Леонидовна «50 лет ЮИДовскому движению» атты кітабының қолжазбасын арнайы дайындап, бұл еңбекті шараға жиналған барлық оқушылар мен мұғалімдерге сыйға тартты.

Алла Леонидовна түрлі халықаралық және республикалық конференцияларға қатысып, оқушылар мен студенттермен белсенді әрі жемісті жұмыс жүргізді. 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы. Сондай-ақ ол 6 оқу құралының авторы.

АЛИЖАН САБИОЛАЕВ, ҚАТЫСУШЫ

Біздің бүгінгі мерекеміз Юидтің 50 жылдығына сай. Біз 2 орын алғанымыз үшін осында шықырды. Облыстық байқауда маршировка жасадық. Тест жасадық. Алла Леонидовна өте танымал адам. Ол көп мектептерде болды. Ол көп қалаларда болды. Оның кітаптарын көп адамдар біледі.

Әннің мағынасы балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтап, қауіпсіздігін түсіндіруге арналған.

Алла Леонидовнаның болашақ 11-ші кітабы жас ұрпақтың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін дамытуға арналған маңызды еңбек болары сөзсіз.

Сабина Жолдаспаева