Железин ауданында аудандық маңызы бар жолдар қарқынды жөнделуде. Мәселен, Михаиловск, Ақтау, Веселая Роща ауылдарын жалғайтын жолдың жөндеуі бірнеше күнде аяқталады. Аудандықтардың алдағы жылдарға да жоспары бар.
Железин ауданында жасалып жатқан бұл 15 шақырым жол бірнеше күнде аяқталады. Аудандағы бірнеше ауылды жалғайды. Железиндіктер осы жолдың нашар болуы себепті осы уақытқа дейін аудан орталығына Тереңкөл арқылы келіп жүрген екен.
ЕРҒАНАТ СЕРІКБАЕВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Бұл жолды елу бірінші шақырымнан бастап алпыс бесінші шақырым аралығы жөнделуде. Ал, жолдың жалпы ұзындығы 116 шақырым. Бұл жол соңғы рет 2012 жылы жөнделген. Ол кезде тек, тегістеліп, қиыршық тас төселген еді. Бұл жол Михаиловс, Ақтау, Веселая Роща ауылдық округтерінің аралығын жалғайды.
Бұл жолды жөндеуге 995 млн теңге бөлінген екен. Бұдан бөлек аудандық маңызы бар тағы 4,6 шақырым жол жөнделген. Оған 263 млн теңге жұмсалыпты. Осылайша биыл ауданда 16,6 шақырым қалыпқа келді.
ЕРҒАНАТ СЕРІКБАЕВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Осы жолдың нашарлығына байланысты бірнеше рет шағым түсті. Биыл міне бір бөлігін аяқтап жатырмыз. Енді тағы 15 шақырым бар. Облыс басшылығы қолдап жатса оны да жасап, бұл жолды толықтай қалыпқа келтіреміз.
Осылайша Железин ауданда асфальтталған жолдың үлесі 80 пайызға жетті. Енді тек кірберіс жолдар қалған. Олардың ұзындығы 11 шақырым. Сонымен қатар аудандық маңызы бар 13 шақырым жол жөндеуді қажет етеді.
Жанасыл Серікбол