Бүгін облыс орталығында «Кітапхана: стереотиптер мен форматтарды өзгертеміз» атты Шарбақты ауданының кітапхана жүйесі күні өтті. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана алдында көрме ұйымдастырылды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Бұл шараның мақсаты-кітапхананың тек кітап қоры сақталатын орын ғана емес, қазіргі заман талабына сай мәдени орталығы екенін көрсету. Шарбақты ауданының кітапханашылары дәстүрлі кітапхананың қалыптасқан стереотиптерін бұзып, қазіргі заман талаптарына сай жұмыс істейтін көрсетті. Себебі, кітапхана – мәдениет пен өркениет ордасы.

АЗАМАТ ҚАБДРАШЫТ, ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұрннан қалыптасқан кітапхана тек оқитын жер дейді, біз оны өзгертіп, шығармашылық орын деп көрсетеміз. Біздің әкелгеніміз шеберлік сынып сағаттары сонымен қатар өлкемізді таныстыратын өнімдеріміз турсистік орталықтар. Сонымен қатар өнерлерді паш ет деп табылады. 20дан астап қатысып отыр шараға, бұл біздің кітапхана жүйеісінің барлық қызметкерлері өздерінің шығармашылық дүниесін көрсетіп жатыр.

Шара бағдарламасында көрме, шеберлік сағаттар, шығармашылық зертханалар мен ұлттық тағамдар ұсынылды.

ӘСЕМГҮЛ ШАМХОМБЕТОВА, ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ

Бүгінгі таңда осы күнге арнайы көрме өткізіп жатырмыз. Қазақ ұлттық нақышта. Қазір біз халықты тегін қымызбен, құртпен, самса бауырсақтармен дәм таттырамыз.

АҚБАЯН БАЙТҰБАЕВА, КӨРМЕ ҚОНАҒЫ

Құмыра жасау өте танымал қазіргі күнде сондай ақ адамдарға өте қызық. Мені қонақ ретінде шақырғандарына қуана келістім. Өйткені қазіргі таңда өте танымал. Бүгін мен адамдарды құмыра жасауды үйретмін, олар оны қарауға да болады, бүгін сондай мүмкіндіктері бар.

Осындай алуан түрлі бағыттағы шара қала тұрғындарына өздерін жаңа қырларынан танып, шығармашылық және мәдени байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.

Сабина Жолдаспаева