Бүгін психикалық денсаулық күні. Павлодар өңірінде менталдық ауытқу бар 9000 аса адам тұрады. Облыс орталығында арнайы қажеттілігі бар жандар үшін бірнеше орталық жұмыс істейді. Солардың бірі «Аль-рами» клубы. Аталған күнге орай клуб мүшелері үшін мерекелік шара ұйымдастырылды.
Менталды ауытқуы бар жандарға арналған «Аль-рами» клубы 2001 жылы құрылған. Қазір оған 107 адам барады. Биыл оқыту мен бейімдеуден өткен 60 адам жұмысқа орналасты. Орталыққа 18-бен 60 жас аралығындағы азаматтар қабылданады. Қоғамның барлық сауықтыру шараларына волонтерлер мен әлеуметтік қызметкерлер белсене қатысады.
60 жастағы Қорлан Мешітбаева Павлодар қаласының тұрғыны. Ол клубтың белсенді мүшесі. Орталықтың әдіскерлерімен педагогтарының дәрісін тыңдап, күнделікті өмірге бейімделді. Қазір тамақ жасап, өзіне қызмет көрсетеді.
Бұл клубтан тек менталды ауытқу бар азаматтардан бөлек, психологиялық күйзеліске ұшыраған жандар да көмек ала алады. Олармен психолог мамандары жұмыс істеп, демеу береді. Айта кетейік, психикалық денсаулық күніне орай өткен шарада көрме және концерттік бағдарламаға ұйымдастырылды.
Әйгерім Тоқпанқызы