Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Павлодар облысында мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асу барысы талқыланды. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысын одан әрмен жетілдіру керек.

 «Ауыл аманаты» ауыл тұғындарының әл-ауқатының артуына мүмкіндік берген жобалардың бірі. Әрі ауыл шаруашығының дамуына, азық-түлік өнімдерінің артуына мүмкіндік бермек. Жылдық пайыздық мөлшерлеме 2,5 процент. Былтыр Павлодар облысына бұл бағытта 1,5 млрд теңге бөлінген. Қаржы толықтай игеріліпті.

Әр түрлі бағдарламалар аясында әр қилы шаруалар атқарылып жатыр. Бірақ, көңілге кірбің келтіретін жағдайлар да бар деді Премьер-Министрдің кеңесшісі. Мәселен, аудандарда көші-қон сальдосы теріс көрсеткішке ие.

Ауылдан азаматардың кету себебі не? Нендей себептер осыған жеткізді? Әр ауданның әкімі осы мәселені ерекше қарастыру керектігі айтылды жиын барысында.

Жанасыл Серікбол