«Ертіс орманы» резерваты өңіріміздің ірі қарағайлы қоры. Қазір мұнда жабайы жануарлардың санын сақтау мен күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Ары қарай алдағы бейнематериалда.

Резерват мамандары күн сайын жануарлар дүниесін қорғау және биотехникалық іс-шаралар кешенін жүргізуде. Биотехнология көмегімен жасыл желекті суарады.

Жасқайрат Қайкен, «Ертіс орманы» шалдай филиалының аңшылықтанушысы:

Ертіс орманы табиғи резерватында биотехникалық жұмыстар атқарылды. «Ертіс орманы» табиғи резерватындағы жалпы суғаттар саны 50. Соған дәлел ретінде фототұзақтарға жануарлардың ізі түскен. Соған дәлел бейнежазбалар бар.

Табиғи резерват аумағында осындай 50-ге жуық құрылғыр бар.Мамандардың айтуынша су ресурстарының арқасында орман жануарлары көбейген.

Жасқайрат Қайкен, «Ертіс орманы» шалдай филиалының аңшылықтанушысы:

Айта кетерлігі жаз айларында жем шөп дайындаймыз. Қысқы айларда арнайы азықтар дайындаймыз. Керек болса жаңартып отырамыз. Жаз күз айларында біз тұзжалаптарға тұ саламыз. Тұздың мысалы жануарларға пайдасы зор.Тұяқты жануарлардың мүйіздеріне пайдасы орасан зор.

Табиғи резерват ауданы - 277 961 гектар, оның ішінде 163296 гектар орманды алқап. Екі тұқымбақтан құрылған, 16 орманшылық бар. Бұған қоса, орман көшеттерін отырғызу жұмыстары да қызу атқарылуда. Биыл 2828 гектарға жасыл көшет отырғызылады. Сондай-ақ өртенген алаңдар қалпына келтіріледі.

Марат Аманов, «Ертіс орманы» табиғи резерваты директорының орынбасары:

Қазір міне екіжылдық қарағайлар қазып алынуда. Мың гектар аумаққа 4 жарым миллион ағаш дәнегі отырғызылатын болады. Сонымен қатар алдағы уақытта күтім шаралары мен күзет жұмыстары да жүргізілетін болады.

 « Ертіс орманы» резерваты жыл сайын 2828 га алаңға 15 милиион ағаш отырғызады. Ал күзде 7 миллион қарағай көшеттерін егеді.

Салтанат Бауыржанқызы