«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Калиновка ауылында мәдениет үйі мен дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізілді. Ауылдың тыныс тіршілігімен танысып қайтқан тілші материалында.

Ауыл аймаққа жаңа леп беретін «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында Калиновка ауылының мәдениет ошағы қайта жаңарытылды. Бұл мақсатқа қазынадан 118 млн теңге жұмсалды. Орталықтың есіктері жаңаға ауыстырылып, ішкі әрлеу жүргізілді. Қазір ауыл халқы мәдениет ошағында алда келе жатқан Республика күнінде өтетін мерекелік шараға дайындалуда. Айта кетейік, ғимарат 1987 жылы бой көтерген. Сол уақыттан жөндеуден өтпеген.

 Бұған қоса, ғимарат ішінде жеті мың кітап қоры бар кітапхана орналасқан. Балалар арналған оқу залы, сондай-ақ ғаламтор желісіне қосылған компьютер кабинеті бар. Бұл ауыл халқының көптен күткен қуанышы.

Светлана Варварюк, мәдениет үйінің әдіскері:

Мәденит үйінде жөндеу жұмыстары көп уақыттан бері жүргізілген жоқ. Бұны бүкіл халық асыға күтті. Қазіргі уақытта жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды. . Біздің округте әр сенбі күндері жастар үшін би кеші, балалар үшін түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Этномәдени бірлестік өкілдері мында салтанатты шаралар өткізеді

Жергілікті қазынадан жиһаз, құрал жабдықтар сатып алынған. Бұдан бөлек, электр сымдар мен құбыр, жылыту жүйесі жаңасына ауыстырылды. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының берері мол. Халықтың әл ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік жоба ауылдағы ағайынның өміріне жаңа леп әкелді.

Әйгерім Тоқпанқызы