Төтенше жағдайлар департаментінің тұрағы жаңа техникамен толықты. Оның ішінде 50 метрлік зәулім үйлерге көтерілетін сатылар да бар. Кәсіби мереке қарсаңында төтеншеліктер көліктерін таныстырды. ТОлығырақ тілшіміз айтсын.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті үшін биыл оңай болмады. Жыл басында «Майқайыңалтын» серіктестігінде болған апат құтқарушылардың қызметін еселеп, тәжірибесін шыңдады. Құтқарушылар өз өмірін қатерге тігіп апаттың басы қасында жүрді.

Жігер Рашит, ТЖД радиологиялық-химиялық бөлімшенің бас құтқарушысы:

Таңғы 8-9 да құтқару іздестіру жұмыстары басталды бізде. Ең бірінші болып түстім. Сосын тағы бір құтқарушы түсті. Жарты сағат ішінде екі адамды тауып алдық. Адамдарды шығардық. Қалған күндері техника қосылды.

Құтқарушылар кәсіби мереке қарсаңында арнайы техникаларын таныстырды.

Асқарбек Омаров, ТЖД жедел алдын алу орталығының бастығы:

Ең ерекшесі көтергіш. Өте маңызды биік үйлерді сөндіруге өте маңызды. Тез баратын автокөліктер.

Жедел-құтқару жасағына 3 көлік берілді.

Мұхаммед Әбдуалиев, ТЖД жедел-құтқару жасағының басшысы:

Біздің жасаққа тайота хайс көлігі берілді. Ол радиусы 100-150 метрде болатын жол көлік апаттарына жіберіледі. Сондай-ақ, біз газанализаторы берілді. Кейде құтқарушылар бір орынға барғанда аумақтың қауіпті қауіпсіз екенін анықтау қиын. Анализтор соны анықтайды. Квадроцикл бар. Оны көлік жүре алмайтын, су қоймалары аумағында қолданамыз. Арбасы бар, соған салып көлікке тіркеп таси аламыз. Жол таңдамайтын Байкал көлігі де берілді.

Бұдан бөлек, апаттық орталыққа түрлі медициналық құралдар табысталды. Заманауи үлгідегі жабдықтар апаттан зардап шегушілерге тез арада көмек көрсетуге арналған. Пилотсыз ұшатын аппараттар қолжетімсіз аумақтарда жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

Самал Қалиқызы