Облыс орталығында келер жылы 100 гектар жерге ағаш егіледі. Бұл жөнінде өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар қаласын аралау барысында журналистерге айтты. Жасыл көшеттер ескі, қураған ағаштардың орнына отырғызылады.

Ертеңгі күні өспейді ағаш секілді. Мына жерде қарасңыздар, жапырақтар түсіп жатыр ғой енді.Бой көтеріп тамырын таратып, ағаштар өсіп жатыр. /// 01:56

«Жастар» шағын ауданы маңына бұл ағаштар 2022 жылы отырығызылған. Қазір тамыр алып, жерсінді. Жайқалып өсіп келеді. Жыл сайын жасыл қорымызды түрлендіру үшін былтыр дендрожоспар құрылды. Айта кетейік бұл құжатта ескі ағаштардың орнына жаңасын егу де бар.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Бірінші кезекте Астана көшесінің ескі теректері ауыстырылады жаңа ағаштарға. Оларға керекті деңгейде күтім ұйымдастырылады. Содан кейін Сәтпаев көшесі Торайғыров көшесі .. көшелері бойынш қала әкімдігі жобаларын дайындап жатыр. Рет ретімен .. жасыл қорды толықтай жаңарту керекпіз.

Жаңа тұрғын үйлер салынбақ:

Бұған қоса, облыс орталығында көпқабатты тұрғын үй салу ісі жалғасады. Қазір пәтер кезегінде 16 мың азамат тұр. Шаһарда бой көтерген «Сарыарқа» мен «Достық» шағын ауданы бұл мәселенің басын шешпейді. Сондықтан келешекте спорт сити маңайында «Жастар» шағын ауданы құрылады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл шағын ауданды неге таңдадық. Біріншіден бұл жақта жылу бар. Біздің 2,3 станция осы жерде жақын. Ол бірінші себеп, екінші бір жерде нүкте нүкте қойып үйлер салмау, осы жерде үй құрылысы жүргізуге болады. Сонда бұл жерде мектепте салуға болады.

 Жоспарға сай бұл ауданға қоғамдық көлік, инфрақұрылым, білім беру ошақтары мен әлеуметтік нысандар салынады. Жоба 2028 жылы іске асырыла бастайды.

Әйгерім Тоқпанқызы