Ұлы Отан Соғысына қатысқан 4 жауынгердің туыстары іздестіріледі. Ресей жасақтары іздестіру кезінде бірнеше жерлесіміздің жатқан жері мен медальондарын анықтаған. Енді осы азаматтардың туыстары іздестіріліп жатыр.

Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру жасағы 15 жылдан астам уақыт жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде көршілес елдердің бірқатар іздестіру жасақтарымен байланыс орнатып отыр. Жақында Ресейдің іздестіру жасағы 4 қазақстандық майдангердің туыстарын табуға өтініш қалдырған.

Александр Шитов, «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағының командирі:

Жақында бізге Ресейдің Псков, Новгород, Түмен, Смоленск облыстарынан бірнеше іздестіру жасақтары жүгінді. Олар іздестіру жұмыстары кезінде солдаттардың сүйектерін, кейде медальондарын тапқан. Енді туыстарын табуға бізден көмек сұрап отыр. Жауынгерлер әртүрлі облыстардан біреуі Семей облысынан, біреуі Жамбыл, біреуі Қостанай облысынан. Осылайша 4 майдангердің туыстарын іздестіріп жатырмыз. Еріктілерден көмек сұраймыз.

Ресей Федерациясының Новгород облысында Оразгали Билибаев немесе Белебаев, Түмен облысында Николай Годаренко, Смоленск облысында Владимир Хвалько және Псков облысында Мұсахан Калмурбаев немесе Калмұрзаевтың сүйегі іздестіру жасағымен табылды. Осы жоғарыда аталған жауынгерлер туралы қандай да бір ақпарат болса «Майдан жолы» жасағына немесе 87774617378 нөміріне хабарласуға болады.

Александр Шитов, «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағының командирі:

Мақсат – жауынгерлердің сүйегін елге жеткізіп, жөн жоралғымен, өзінің діни ұстанымдарымен, әскери даңқтарымен жерлеу.

Айта кетейік, 25 қазанда Павлодарда ТМД іздестіру жасақтарының форумы өтеді. Онда көршілес елдердің жасақтары тәжірибемен алмасып, байланыс құрады.

Самал Қалиқызы