Соңғы үш жылда қаржы пирамидалары екі жарым есеге өскен. Өкінішке қарай халықтың қаржы алаяқтарының қақпанына түсу оқиғалары тиылар емес. Ал, бұл қылмысты қадағаушы мекеме жұртшылықты сақтандырудың әр түрлі амалын жасап жатқандығын айтады.

Биыл Павлодар облысында қаржы пирамидасын құрған 4 факті тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған. Қазір кейбірі тергеуде, кейбіріне үкім шыққан. Ал, кейбіріне қатысты сот процесі жүріп жатыр.

Қазан айында ашылғанына 4 ай болған «такорп» қаржылық пирамидасының да жолы кесілді. Қазір бұл жалған қаржылық құйымның үстінен 40 шақты арыз келіп түскен.

Сонымен қатар, Екібастұзда «Кьюнет» қаржылық пирамидасына қатысы бар топ мүшелері 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Бұған қоса «ҚазХолдинг» жалған қаржы ұйымына қатысты тағы бір қылмыстық іс қазір тергеуде.

Жанасыл Серікбол