Павлодар қаласында алғаш рет жастарға арналған «Жаңа тыныс» форумы өтті. Осы жолы шара 25-қазан Республика күніне орайластырылды. Толығырақ келесі сюжетте.

«Жана тыныс» форумы жастар мен аға буын арасындағы байланысты нығайтатын шара. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған жобаның бүгінгі тақырыбына Республика күні арқау болды.

Әлия Карибаева, жастар орталығының бөлім басшысы:

Бүгінгі шарада спикерлеріміз ғалымдар, әр саланың мықты мамандары ортаға шығып сөз сөйлейді. Олар Республика күнінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте жастардың есіне салады.

Алдымен жастардың алдына шығып профессорлар, ғалымдар сөз алып, Республика күнінің маңыздылығын түсіндірді. Кешегі алашордалықтардың жүрген жолын, жасаған еңбегін еске салды.

Айтмұхамбет Тұрышев, профессор, филология ғылымдарының докторы:

Мағжан Жұмабаев кезінде айтты ғой. Мен жастарға сенемін. Жастардың ұйымдастырып жатқаны керемет. Бұл Тәуелсіз Республикамыздың басы болатын. Сол ҚР Республика күні. Қарсаңнда жастар ұйымдастырып жатыр.

Шараға қаламыздың жұмысшы жастары қатысты. Оның ішінде өнер, білім, шығармашылық, өндіріс пен медицина саласында еңбек етіп жүрген жастар бар.

Мадияр Қуан, студент:

Павлодар қаласының барша тұрғындарын Республика күнімен құттықтаймын. Республика күні біз үшін өте маңызды күндердің бірі.

Олжас Дәулетхан, студент:

25 қазан Республика күні атап өтіледі. Барлық қазақ жұртын құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ашық аспан тілеймін қазақ еліне.

Республика күні ел тұрғындары үшін мән-мағынасы әркез жоғары мерекелердің бірі. Бұл ретте оны өскелең ұрпақ, яғни жастардың түсінгені маңызды.

Самал Қалиқызы