Облыста алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық қазірден басталуда. Өңір үшін өте өзекті мәселелердің бірі облыс әкімдігіндегі жұмыс кеңесінде қаралды. Оған төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы және басқа да мүдделі органдар қатысты.

Жиын барысында инженерлік жұмыстар жоспарын іске асыру, инфрақұрылым мен шұғыл қызметтерді ықтимал төтенше жағдайларға, оның ішінде өрт сөндіру бекеттерінің материалдық-техникалық жай-күйіне дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов пен ТЖ департаментінің бастығы Рүстембек Әмрин Ақтоғай ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелері мен Ертіс өзенінің атаулы аумағын айналып өту барысында тексерді.

Мәселен, Жалаулы ауылында ұзындығы 2 км болатын қорғаныш үйіндісіне тексеру жүргізілді, әрқайсысының сыйымдылығы 200 мың текше метр болатын үш шұңқырдың жағдайы тексерілді. Шолақсор ауылында Сілеті өзенінің арнасы зерттелді.

Жанасыл Серікбол