Республика күніне орай марапаттаулар легі жалғасын тапты. Өңірдің бірқатар мектеп оқушылары «Тәуелсіздік ұланы» сыйақысының иегері атанды.

Ел болашағы дарынды жастардың қолында. Оқуында озат, қоғамдық жұмысқа белсенді араласып, шығармашылықпен айналысатын оқушылар көп. Олар ел намысын халықаралық, республикалық байқауларда қорғап, топ жарып келеді. Ұлттық мереке күніне орай дарынды жастар облыс әкімі атынан «Тәуелсізді ұланы» төсбелгісімен және 5 номинация бойынша 184 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Біздің мемлекетіміз, республикамыздың болашағы сіздерсіздер. Сол мемлекетке еңбек етіп, қызмет етіңіздер. Әрқашан өздеріңіздің ұстанымдарыңызға, армандарыңызға берік болыңыздар. Армандаған арманның орындалады. Екіншіден әр адамның ұстанымы болса, өмірі солай қалыптасады. Көптен көп рахмет.

Марапат иегері Еркебұлан Тіленіш Ақсу қаласы Юрий Гагарин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы. Ол республикалық «Абай», «Мәшһүр Жүсіп оқулары» сайыстарының жеңімпазы. Танымдық еңбек жазып, олимпиадаларға қатысып жүрген жас өрен.

Еркебұлан Тіленіш, Ақсу қаласы Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы:

Бүгінгі Тәуелсіз ұланымен марапаттап жатқаныңызға рахмет. Осы таланттың, біліктілік ұстаздарымыздың, ата-аналарымызға да алғыс айтқым келеді. Сізге мың алғыс.

«Тәуелсіздік ұланы» сыйақысын алу үшін 700 өтінім түскен. Комиссия шешімімен іріктеліп, 100 оқушыға табысталды.

Әйгерім Тоқпанқызы