Достық ауданында кварталішілік аумақтар асфальтталып жатыр. Жалпы қала бойынша асфальт төсеу жұмыстары 15 қарашаға дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. Толығырақ келесі сюжетте.

Достық ауданында соңғы кезде құрылыс қарқынды. Осыған дейін бұл жерде көпқабаттты үйлер салынып, жаңа аудан пайда болады дегенге ешкім сенбейтін. Қазір аумаққа жан кірді, аудан шаһардың басқа жерлерінен кем түспейді. Тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін асфальт төселуде.

Нұрдәулет Несіпғазиев, түкш бөлімі басшысының орынбасары:

Бонус Строй мердігер ұйымымен Достық ауданының кварталішілік аумақтарын асфальттау жүріп жатыр. Қазір Ладожская 17/1 және Ладожская 11 көшесінің аумақтарына асфальт төселіп жатыр. Одан бөлек жаңа мектептің автотұрағы да асфальт әзірленіп жатыр.

Достық ауданында аталмыш жұмыстар 2 апта бұрын басталды. Тағы екі аумаққа асфальт төселеді. Жалпы қала бойынша асфальттау жұмыстары 15 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Достық шағын ауданы күн санап көркейіп келеді. Болашақта 16 мың адам тұрады деп жоспарланып отыр. Осы тұрғындар үшін бұл жерде мектептер, балабақшалар, дене шынықтыру сауықтыру кешендері салынатын болады.

Самал Қалиқызы