Ұлттық мереке - Республика күні өңіріміздің әр ауылында сән салтанатымен аталып өтеді. Облыс аумағында бірнеше жаңа нысандар ашылып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады деп жоспарланған. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникация орталығында өткен брифинг барысында белгілі болды.

Ұлтты ұйыстыратын рухани маңызы зор осынау айтулы күнде 700 ден аса шара өтеді. Негізгі тақырып «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» идеясы. Ал мереке нышаны -бүркіт бейнесі таңдалды. Аймақтың барлық елдімекендерінде ресми іс-шаралар жоспарланған. Негізгі салтанатты шара 24-қазан күні Естай мәдениет сарайында өтеді. Онда концерттік бағдарламадан бөлек, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан жандар марапатталады.

Әлнұр Сейдуманов, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы :

Өңірдің дамуына қомақты үлес қосқан азаматтарды ..салтанатты шараларымен мерекелік рәсімдерді өткізу облыс көлемінде 700 ден астам шара өткізу жоспарланған. 24 қазан күні сағат 15.00 де Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтеді. .. мемлекетітк наградалармен марапаттау және облысымыздың соңы мерекелік концертке ұласады.

 Ел мерейін асқақтатқан мереке күні өңір өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Медет Тауасқан, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

С.Торайғыров атындағы облыстық рухы биік қазақ елі кітап көрмесі, тәуелсізді құдіреті және виктариналары патриоттық сағаттары дербес көрмесі.

25 қазан күні Мойылды ауылында жаңа мәдениет үйі ашылады. Павлодар қаласында 10 жерде концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл күні Естай атындағы мәдениет сарайында «Өнер додасы» атты Павлодар және Ақмола облыстары арасында командалық дәстүрлі өнер сайысы өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ бұл күні облыс орталығының барлық музейлері жұмыс істейді.

Әйгерім Тоқпанқызы