Павлодар ауданының «Кирова» шаруа қожалығында бүкіл отбасы мүшелерімен жұмыс істеп жүргендер бар. Олардың біреуі мал дәрігері болса, біреуі жануарларды күтумен айналысады.

Павлодар ауданы Розовка ауылындағы «Кирова» фермасында 200-ден астам адам еңбек етеді. Шаруашылықта отбасымен бірге жұмыс істейтіндер де бар. Мәселен, Медведевтер жанұясы.

Любовь Медведева, «Кирова» ЖШС қызметкері:

Осы ауылға 1996 жылы көшіп келдік. Алғашқы 4 жыл бойы фермада бұзауларды қарадым. 2012 жылы ветеринарлық санитар болып ауыстым. Одан кейін ветеринарлық техник болдым. Бұзауларды, жас малдарды емдеумен айналысамын. Балаларым да осы фермада. Үлкен ұлым осында асиминатор. Екінші ұлым бұзау базасында істейді. Кіші ұлым да осында.

Любовь Медведеваның үлкен ұлы Александр осында 4 жыл жұмыс жасайды. Ол Успен аудандық колледжін аяқтаған, қазір мал шаруашылығының қыр-сырымен танысып жүр.

Александр Медведев, «Кирова» ЖШС қызметкері:

Асиминатор дегеніміз жануарды жасанды түрмен ұрықтандыру. Яғни арнайы препараттарды салу арқылы. Әр күнге кесте беріледі. Соны орындау керекпіз. Оның өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Соңында мал төлдену керек. Негізі колледжді бітіре сала осында келдім, істеп жатқаныма 4 жыл болып қалды. Неге қалаға кетпей, ауылда қалдым, себебі ұсыныс тасталды, ұнады, қалдым.

Негізі кез келген адам мал шаруашылығымен айналыса алмайды. Себебі, бұл қалай болғанда да үлкен жүректі, жануарларға деген сүйіспеншілікті қажет етеді.

Любовь Медведева, «Кирова» ЖШС қызметкері:

Әр адамның өзінің таңдауы бар. Егер жануарларды жақсы көрсе, осында істегісі келсе қалады. Ал, егер жануарлармен жұмыс жасағысы келмесе ештеңе істей алмайсыз.

Александр Медведев, «Кирова» ЖШС қызметкері:

Мен осында тудым. Үйреніп қалдым. Қалада өмір жанталас, ауылда жақсы, тыныштық, табиғат, таза ауа. Әзірге осында ұнайды.

Жеңіл жұмыс пен мол табысты іздеген заманда осындай адамдар ерекше құрметке ие.

Самал Қалиқызы