Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні. Қоғам үшін аса қажет мамандық иелерін тек осы атаулы күні ғана емес, әр сәт сайын құрметтеу баршаның парызы деуге болады. Алдағы материалымыз әлеуметтік қызметкер Әлия Бөлгенова жайлы.

Әлия Бөлгенова 2016-жылдан бері әлеуметтік қызметкер. Содан бері талай баланың қамқорлығына алып, маңдайынан сипады. Қазір міне қарауындағы 6 баланың бірін аулада серуендетуде. Күн сайын сыртқа шығарып, таза ауада қыдырту негізгі міндеттерінің бірі. Үйдің ішінде де атқаратын қызметі де бар. Негізгі мамандығы педагог болғандықтан болар, балаларға деген қамқорлығы айрықша.

Әлеуметтік қызметкер болуға әркімнің төзімі мен қайсарлығы жете бермейді. Өзінің әлеуметтік қызмет орталығындағы өзге де қамқор жандар секілді әр түрлі бағытта қызмет етеді.

Әлеуметтік қызметкер қоғам үшін қадірі артық мамандықтардың бірі. 2011-жылдан бері бұл мамандық иелерінің күні аранйы белгіленіп, аталып келеді.

Жанасыл Серікбол