Жастар бастамаларын дамыту орталығында тақия тігуші шеберлердің байқауы өтті. Оған ондаған қала тұрғыны қатысты. Тақия қазақ халқы үшін қастерлі бас киім. Бүгінгі таңда тақияны сәндеп, әсемдік тігетін шеберлер қатары көп.

Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатысты. Бәрі де ұлттық өнерді насихаттап, тақияны қастерлеген қала тұрғындары. Тігіншілер тақияны сәндік тұрғыда әсемдеп, эстетикасын әр қырынан көрсетуге мүмкіндігі мол киім үлгісі екендігін айтады.

Айман Сыздықова, қазылар алқасының мүшесі:

 Өте жақсы, мен соған риза болып жатырмын. Қазақтың жастары қазақтың салт-дәстүріне бет бұрғанына. Әділ болуға тырысамыз. Қолөнер бойынша оқып жатқан студентетр де бар. Оқушылар да бар. Олардың жұмысына мұғалімдері көмектесіп әкеліп жатыр екен

 Қатысушылардың бірі Даяна Қайырбергенова өзінің көгілдір түсті тақиясын әкеліпті. Айтуынша, оны тігуіне көп уақыт кетпеген.

Даяна Қайырбергенова, қатысушы:

Осы тақияны мен осы жұманың ішінде жасап тастадым. Үстін тарелкамен сызып, бәрін тіктім. Көгілдір мата пайдаландым солай жасағанмын

 Қазылар алқасы байқауға әкелінген әрбір тақияны мұқият көріп шықты. Әрқайсысының жасалу тәсіліне, ерекшелігіне назар аударды. Осында әкелінген тақиялардың ешқайсысы назарсыз қалмайтыны анық. Өйткені, соңғы уақытта қазақша оюлар мен өрнектер сәнге айналып келеді.

Айман Сыздықова, қазылар алқасының мүшесі:

Мен жиын-тойларда көп жүремін. Жастарды көріп жүрмін. Жилетканы оюмен киеді. Этнопетроглиф суреттермен көйлектерді киіп жүр суреттерменен

Шара мақсаты ел ішіндегі әуесқой қолөнер шеберлерін қолдап, олардың жұмысының елге танылуына мүмкіндік жасау.

Жанасыл Серікбол