Биыл өңірде ауыл шаруашылығы мақсатына 200 мың гектардан астам жер телімі берілді. Одан бөлек, бизнес бағытына 240 млн теңгеге 190 гектар жер аукционмен үлестірілді. Ал, тұрғын үй құрылысына бағытталған жер учаскелерінің жағдайы қалай? Тілшіміз айтсын

Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс бағыттарының бірі ауыл шаруашылығын жүргізуге, коммерциялық мақсаттарды дамытуға, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлерді қамтитын әртүрлі санаттағы жер учаскелерін беру болып табылады.

Мұрат Хамитов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері оның ішінде халықты мал жаюға арналған учаскелері 10-49 жылға дейін, шөп шабу үшін 5 жыл мерзімге конкурсқа беріледі. 2024 жылы 212 мың гектар ауыл шруашылығы мақсатындағы учаскі берілді. 77 мың гектар жер тартылды.

Елдімекендерде коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін беру аукциондарда Мемлекеттік мүлік Тізілімінің sauda.e-qazyna.kz веб-порталында электрондық түрде жүзеге асырылады. Аукцион жеңімпазын анықтаудың басты критерийі қатысушылардың ағылшын сауда-саттық әдісі бағаны көтеру бойынша жүреді. Бүгінгі таңда облыс бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері 240 млн. теңгеден астам сомаға 190 га алаңда 35 аукцион өткізді.

Мұрат Хамитов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

Облыс қалаларының шекараларында жер учаскелерін беру электрондық форматта жүргізіледі. Заң жер учаскелерін берудің екі әдісін белгілейді: Жер кодексінің 48-бабында белгіленген мақсаттар үшін тікелей беру және коммерциялық мақсаттар үшін аукциондар арқылы беру. Жаңа тәртіп жария кадастрлық картада схеманы дербес қалыптастыра отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жер учаскесіне құқық алуға мүдделі жеке және заңды тұлғалардың өтінім беруін көздейді.

Бұдан бөлек, жер телімдері жеке тұрғын үй құрылысы үшін де беріледі. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Жер кодексінің 44-1-бабымен регламенттеледі, онда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдарды дайындау шамасына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.

Мұрат Хамитов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға бөлінген алаңдардың дайындығы және кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қол жеткізуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Бұл ретте, жер учаскелерін атқарушы органдар бірінші кезекте кезектілікті сақтай отырып, арнайы есепте тұрған азаматтарға беруге тиіс. Жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі.

Осы ретте, басқарма басшысы Павлодар қаласының аумағында кезекте тұрғандарға берілетін жер жоқ екендігін айтты. Ал, қала маңындағы елдімекендерден кезекте тұрғандарға жер телімдері үлестірілуде деді.

Самал Қалиқызы