Облыс әкімі Шарбақты ауданында атқарылған бірқатар жұмыстармен танысты. Оның аясында тұрғындарға пәтер кілттері табысталып, жаңа хоккей корты ашылды. Тақырыпты тілшіміз жалғастырсын.

Биыл ауданда жоспар бойынша 44 шақырым автомобиль жолы жөнделген. Солардың бірі Шарбақты - Богодаровка бағытындағы жол. Бұрын бір ауылдан екінші ауылға баратын жол 45 минутты құраған, енді 15 минут ішінде жетуге мүкіндік бар. Оның жалпы шақырымы 24.7 км. Мердігер ұйым облыста 100 шақырым жол жөндеген. Олардың қатарында Успен, Тереңкөл аудандары да бар.

 Дина Серікбаева, «ИНЭК» ЖШС директоры:

Бұл облыстың Шарбақты-Солтүстік-облыс шекарасы жолы болып табылады. Оған орта жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтадық. Келісімшартқа 5 қыркүйекте қол қойылған, жалпы 1 млрд 105 млн теңге қаражат жұмсалды.

Елдімекенде барлық облыстық жолдар төселген, кентішілік жолдардан 12 көшені жаңарту керек. Жергілікті биліктің айтуынша жобалар бар, келесі жылы жүзеге асыруға ниетті.

Сержан Иманқұлов, Шарбақты ауданының әкімі:

Қысқа көшелер қалды. Ең ұзыны Тәуелсіздік кшесі, орталық көше. Акимат орналасқан, 2.4 шақырым. Қалған Әлімбаев көшесі бар, екі шақырмды құрайды.

Республика күні қарсаңында аудан тұрғындары қуанышқа кенелді. Өңір әкімі кезекте тұрған және көпбалалы отбасыларға салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстады. Барлығы 3 үй, 6 пәтер берілді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Жалпы биыл облысымызда ақырғы 15 жылда бірінші рет 1000-ға жуық пәтер табысталып жатыр. Оның бір қуантатыны 313-і осы аудандарда орналасқан. Бүгінгі күні Шарбақты ауданында 6 пәтер береміз. Кезекте бірінші тіркелген адам өз баспанасын 18 жыл күтіпті. Өте үлкен мерзім, сондықтан сабырлық пен шыдамдылық білдіргендеріңіз үшін алғысымды айтамын

Баспаналы болған жандардың бірі – Бейбітгүл Ивин. Ол жалғыз өзі 5 бәла тәрбиелеп отыр, пәтер кезегінде 10 жыл бойы тұрған. Балалардың үлкені 17 жаста, ең кенжесі 9 айлық. Бұған дейін көпбалалы ана пәтер жалдап тұрған.

Бейбітгүл Ивин, Шарбақты ауданының тұрғыны:

АСП аламын. Көмектерден қалмаймын, барлығын алып отырамын. Осы үй кезегін 10 жыл бойы тостым,бүгін міне кілтімді алып қуанып жатырмын.Бағаналы бері сенбедік, келіп көріп жатырмыз. Осындай үйлі болғаныма қуаныштымыз.

Үй кірпіштен қаланған. 3 бөлме мен ас үй бар. Іші жылы, су ағып тұр. Баспаналы болып, қуанған жандар алғыстарын білдірді. Бұдан бөлек облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Виталий Соломкин жаңа жабық хоккей кортын салып берді. Туған өлкесіне көмектескен меценат елдімекенде осындай инфрақұрылымдық жобаларды қолдайтынын білдірді.

Виталий Соломкин, облыстық мәслихат депутаты:

Біздің Шарбақты ауданымызда футбол, волейбол, жеңіл атлетикамен шұғылданатын балалар көп. Осы хоккей кортын салуды көбі ұсынды, барша тұрғындар қолдады. Құрылыс жұмыстарына да көмектескен жаңдарға да өз алғысымды білдіремін. Мұның бәрі балалардың болашағы үшін жасалды

Хоккей кортының жұмысы биылғы жылдың шілде айында басталып, тамызда аяқталды. Кәсіпкер ғимаратты әкімдікке өткізеді.Жалпы ауданы 1680 шаршы метр, ал мұз аренасы 1440 метр квадратты құрайды. Өңір басшысы мұндай қадам аудан дамуына септігін тигізеді деді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Балалардың сауаттылығына, белсенділігіне, спортқа деген сүйіспеншілігіне әсер етеді деген үмітпен жасалып жатқан қадам. Бұл барлық азаматтың қолынан келе бермейді. Өздеріңіздің жерлестеріңіз Виталий Соломкин өз еркімен туған ауданына сыйлық ретінде табыстап жатыр, сол үшін сізге алғыс білдіремін

Шараға қатысқан тұрғындар да дән риза. Енді спортқа әуес балалар емін-еркін хоккей ойынын үйренеді.

Мерей Саримов, Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы:

Бұған дейін футбол спортымен айналысқанмын. Осы хоккей кортын салғаны үшін өте ризамыз. Енді команда жинап, хоккеймен айналысамыз

Осылайша, Республика күні қарсаңында Шарбақты ауданы қуанышты жаңалықтарға толы болды. Аудан игілігі жолында мол жұмыстар атқарыла бермек.

Қымбат Садық