Ақтоғай ауданы Жамбыл ауылында су құбыры қолданысқа берілді. Бұл қуанышты жаңалықты тұрғындар көптен күтті. Репсублика күні қарсаңында су жаңа сумен жабдықтау нысаны жұмысын бастады. Толығырақ ауданға барып келген тілшіміз айтсын.

Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің Жамбыл ауылында 41 аула 186 тұрғын бар. Республика күні қарсаңында ауыл адамдарына керемет сый жасалды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау нысаны салынып, тұрғындар игілігіне берілді.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:

Бұл құрылыс нысандары ауыл тұрғындарын таза сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Осы ретте тұрғындардың денсаулығын үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Үйлеріңізге енген ауыз судың игілігін көруге тілектестік білдіремін. Құрметті жерлестер сіздерді маңызды күнмен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. МЕреке құтты болсын.

Аудан әкімінің сөзінше, бүгінгі таңда ауданның 14 елдімекенінде сумен жабдықтау нысаны толық көлемде жұмыс жасайды. Олардың қатарына енді мына Жамбылдағы су құбыры да енді. Оған бюджеттен 250 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Наурыз Қазиханұлы, ауыл тұрғыны:

Ауылымызда қуаныштар бола берсін. Мемлекеттік бағдарламалар орындала берсін. Еліміз көркейе берсін. Осы таза сумен өмір сүре берсін ақырын. Барлықтарыңызға рахмет.

Бұл-ауыл тұрғындары үшін ерекше күн. Жылдар бойы күткен ауыз су енді үйдің ішінде ағып тұр. Елдімекен көркейіп келеді, қаладан кем түспейміз дейді, жамбылдықтар.

Болат Теміржанұлы, ауыл тұрғыны:

Осы ауылға су беріп жатыр. Оңды болды. таза су болды. Қаладан кем тұрмаймыз. Жақсы. Керемет.

Жалпы окрукте Қожамжар мен Жамбыл ауылдарында осындай су құбыры болса, Қайран мен Қараой ауылдарында кешендік блок модуль жұмыс жасап тұр.

Жахұда Самаров, ауыл тұрғыны:

Осы ауыз су мәселесі ең қауіпті мәселе. Тіршілік нәрі болғандықтан. Ауылдың суы тіршілік көзі деп білеміз. Әрбір үйге су келіп жатыр, көріп жатырмыз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.

Айта кетейік, Шұға мен Жоламан ауылдарында сумен жабдықтау жүйелері де аяқталуға жақын жақын қалды. Келер жылы Басқамыс және Балтасап ауылдарында су құбыры құрылысын жоспарға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп жақсы хабарымен бөлісті аудан әкімі.

Самал Қалиқызы