«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының» өкілдері Павлодар қаласына іс-сапармен келді. Олар шаһарымыздың құрылыс салушыларымен кездесу өткізді. Жиынға ірі құрылыс компанияларының, екінші деңгейлі банктердің және Павлодар облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Бұл шара өңірдегі тұрғын үй құрылысын дамытуға және қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Павлодар облысында қазіргі уақытта үлескерлердің рұқсаты бар жалғыз тұрғын үй құрылысының жобасы бар. Ал «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» осы жобаны дамыту үшін 15млрд қаражат бөлген болатын.

Алтай Күздібаев, ҚТК басқарма төрағасы:

Біз оларға өздеріміздің тұрғын үй құрылыс қолдау инструменттері туралы презетация өткіздік. Себебі біз үшін осы Павлодар өңірде тұрғын үй құрысыл жалпы деңгейін көтеру деген бізде ең басты мәселе. Себебі осы өңірде үлкен патанцивал бар. Кезекте тұрған 25мың азаматтар тұр. Біздің Байтерек холдингіне елшілес отбас банк деген ұйым бар. оларда да 100 мың адам бар. Оларда сол тұрғын үйді күтіп жүр.

Жиында үлескерлердің қаражатын заңды түрде тарту механизмі таныстырылды. Құрылыс салушыларға жоба бойынша құжаттардың сапалы пакетін ұсынуға көмектесетін модерация рәсімі қарастырылды.

Әйгерім Құрманбаева, ҚТК заң істері департаментінің директоры:

Қазіргі уақытта Павлодар облысына 1,2 млрд қаражат қажет. Сол үшін біз 55 пәтерді компания ретінде сатып алуға дайынбыз. Сатып алу жүйесі "Митфарк" платформасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл барлық тұрғындарға, құрылысшыларға қатысты. Біз өзімізге қажет құжаттарымызды «тұрғын үй» порталына шығаратын боламыз. Бұл компанияның жеке порталы. Сайттан- тұрғын үйге қажет құжаттарды қарай аласыз. Сонымен қатар өтінішті қалай беруге болады, қандай талап қажет екенін біле аласыздар.

Кездесу барысында өңірдің жергілікті атқарушы органдары мен банктердің өкілдері құрылысқа рұқсат алудың шешімдері туралы айтты. Халыққа ипотекалық өнімдер ұсынылды.

Сабина Жолдаспаева