24-қазан кітапханашылар күні. Осыған орай Павлодарда облыстық кітапханшылар форумы өтті. Қалаларда, аудандар мен ауылдарда қызмет ететін жүздеген мамандар «Шаңырақ» орталығында бас қосты.

Павлодар облысында 220 дан астам көпшілік кітапхана жұмыс істеп тұр. Оның 200-ге жуығы ауылдық елдімекендерде орналасқан. Облыс бойынша жиыны 500 ге жуық кітапханашы еңбек етуде. Олардың тең жартысы бүгінгі форумда бас қосты.

Шара аясында кітапханашыларға әр түрлі марапаттар табысталды. Облыс әкімі бастап, «Аманат» партиясы және өзге де мекемелер руханият шырақшыларын құттықтапты. Олардың құрметі мен ілтипаты көпшілік алдында жеткізілді. Кітапханашылар, жалпы кітапхана ісі қандай құрметке де лайық. Соңғы жылдары мәдениеттің, руханияттың дамуына дәл осы сала айрықша ат салысуда.

Кітапханашылар тек қана кітап сақтаушы адамдар емес. Қоғамның мәдени дамуына, рухани жетілуіне де еңбек етеді.

Шара аясында обылста ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан кітапханашыларға да айрықша құрмет көрсетілді. 30 жылдан астам табан аудармай кітапха қызмет еткен жандардың фотосуреттері көрме ретінде көпшілікке ұсынылды.

Жанасыл Серікбол