Қызмет көрсету колледжінің студенттері қарттар үйіне барып, қарияларға қолдау көрсетіп, ерекше шара ұйымдастырды. Бастама барысында студенттер қарттарға шаштараз қызметтерін тегін ұсынды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Ізгі ниетті бастама қарияларға үлкен қуаныш сыйлап, студенттерге өз кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді. Шара аясында студенттер қарттармен әңгімелесіп, қолдау білдірді. Студенттер қарттар үйінде көмек көрсету арқылы практикалық тәжірибе жинақтайды.

Нұрсұлу Бейсекеева, студент:

Мында қарттардың шаштарын алып, көмектесіп бір-бірін комнаталарына алып барыпҚанша адам көмектескісі келеді ғой. Ондай адамдар қазір аз, кейбірі көмектеспей кетеді. Мен парихмар общий, мужской женский леп бөлінбейді екеуі де.

Қарттар үйіндегі қариялар студенттердің көрсеткен көмегіне үлкен ризашылықтарын білдірді. Шаштараз қызметін алған аталар өз әсерлерімен бөлісіп, студенттердің шеберлігі мен жанашырлығына алғыстарын айтты.

Амангелді Қасқырбаев, қарттар үйінің тұрғыны:

Маған мында тұрғалы көп болды. Барлық жағдайын білем, мынадай үйлер қазақстанда көп болсын. Өтірік емес, шындық. Жалғыз қалған кісіге, мен сияқты. Менде ешкім жоқ. Сондай жағдай жасалған. Барлығы жақсы. Жұмасына 2 рет моншаға барамыз. Телеыизор, бильярд бар. Қыдарский смастерской, киім тігетін бар. Жағдай өте жақсы.

Асылбек Ажекенов, қарттар үйінің тұрғыны:

Шашымды алып берді, алып тұрады. Мен тақыр алып тастайм, шаш қышытады, сосын алып тастайм. Киімімз таза, тамағымыз тоқ. Басқа не керек бізге.

Студенттер қарттар үйіне жиі келіп тұрады. Колледж басшылығы студенттердің болашақта еңбек нарығына сәтті енуі үшін арнайы кәсіпорындармен байланыс орнатады. Осы арқылы түлектер өз мамандықтары бойынша жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

Азамат Қашитов, қызмет көрсету колледжінің басшысы:

Биыл біз осы мекемеге үшінші рет келіп тұрмыз. Шаштараз мамандығы бойынша 2 курс студенттері келеді. Студенттер жақсы көңіл күймен келіп тұрады. Клиенттерге де, біздің студенттерге ұнайды. Бұл олар үшін практикалық жұмыс. Кейбір студенттерде қорқыныш сезімдері болды, бірақ ақырын-ақырын үйрене бастады. Біз игі іс жасаймыз, көмектесеміз. Бұл қызметтердің барлығы тегін. Бізде өткен жылдың 89% студенттері шаштараз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан болатын. Себебі шаштаразшылар өте көп.

Бұл шара студенттерге тек кәсіби шеберліктерін жетілдіріп қана қоймай, жанашырлық пен қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін сезінуге мүмкіндік берді. Студенттер алдағы уақытта да қарттар үйіне келіп, көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Сабина Жолдаспаева