Павлодарда тұрғын үйлер мен жатақханалардың балкондарына көк туымыз ілінді. Мақсат жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, елін, жерін сүюге баулу. Осы арқылы мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету акциясының негізгі мақсаты. Шараға «AMANAT» партиясының облыстық филилының «Жастар рухы» жастар қанаты мұрындық болды. Акция аясында студенттер өздері тұратын жатақханалар мен көп қабатты үйлердің балкондарына ту ілді. Бұл шара осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Айнұр Мұхамедиярова – «Amanat» партиясының Павлодар облыстық филиалы атқарушы хатшысының м.а.

" Жастар рухының" бастаған челленджін "Менің елім - менің туым"акциясын қолдау үшін келіп отырмыз. Өткен аптадан бастап бұл акциямыз бастау алған еді. оны біздің еліміздің атақты жастары, ел тұлғалары қолдап жатыр. өздерінің үйлеріне жанағы үлкен қабырғаларға іліп, сол туға деген құрметін көрсетіп жатыр.

Алмас Каллемов - " жастар рухы" жастар қанатының белсендісі:

Республика күніне орай өтіп жатқан "Менің елім - менің туым" акциясын қолдаймын. Және барша қазақ елінің жастарын патриоттыққа, отансүйгіштікке баулып, тамаша акцияны қолдауға шақырамын.