Қазақстан халқы Республика күнін ұлттық деңгейінде атап өтті. Мереке күні Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары мемлекеттік рәміздер алаңында ту көтеру рәсіміне қатысты.

Мерекелік шара мемлекеттік рәміздер алаңынан басталды. Өңір басшысының бұйрығынан кейін еліміздің туы салтанатты түрде көтеріліп, әнұран орындалды.

Осындай мерейлі салтанат еліміздің әр өңірінде өтті. Егемендік рухын көтеретін ерекше рәсім. Бұдан кейін алаңда құқық қорғау офицерлерімен сарбаздар сап түзеп өтті.

Республика күні – Еліміз егемендік қабылданған тарихи күн екені белгілі. Шаһар тұрғындары қайта жаңғырған ұлы мерекені ерекше ықыласпен қарсы алып, ақжарма тілектерін білдірді.

Нұршат Нұрғалиева, «Нұр Ана әлемі» ҚБ мүшесі:

Бүгін Республика күні, ұлт мерекесі құтты болсын. Сіздерге денсаулық, жақсылық. Еріп келе жатқан ұрпақтарымыз аман болып, елімізге ие болатын патроттар өссін. Күннің ауа райы қандай керемет бізде. Бүгін өзіміздің жалауымызды жоғары көтеріп, Өзіміз сондай рухта, көңіл күйде болып, барлықтарыңызды Республика күнімен құттықтаймын.

Көк байрағымыз көкте, Елтаңбамыз төрімізде, Әнұранымыз көкірегімізде болсын.

Әйгерім Тоқпанқызы