Екінші және үшінші жылу электр орталықтарында жабдықтарды жаңарту мен жөндеу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Биыл бұған 32 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл сома нақты қай бағыттарға жұмсалмақ? Әріптесім тарқатады. 


Алдағы жылыту маусымының іркіліссіз әрі сенімді өтуі үшін қызу дайындық жүргізілуде. Жалпы, 1 шілдеден бастап электр энергиясын өндіруге арналған жаңа тариф бекітілсе, негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу мен жаңартуға 32 миллиард теңгеден аса қаражат бағыттау көзделген.

Олег Щемель, «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры 

 2-жэожәне 3-жэо-да жөндейтін барлығы 8 жабдық бар. 3-жэо-да №1, №3 және №5 қазандықтарды жөндеу жоспарланған. қазіргі уақытта №3 қазандық жөндеуден шықты, ал №5 қазандық – жөндеу үстінде. сондай-ақ №3 турбоагрегат та жөндеуден өтті. 2-жэо-да №5 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, №4 қазандық және №2 турбогенератор – қазіргі уақытта жөндеуде. бұл – негізгі жабдықтар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар. ғимараттар мен құрылыстарды ретке келтіру тұрғысынан да үлкен жұмыс жүргізілуде. ағымдағы жөндеу жұмыстарына тоқталсақ, 3-жэо-дағы №1 түтін мұржасы жөндеуге шығарылады, оны жөндеу жұмыстары 60 тәулікке созылады.

қазір 3-жэо-да химиялық су тазарту жүйесіндегі тұндырғыштарды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. электр техникалық жабдықтарға, химия және отын-көлік цехтарының жабдықтарына қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. бұған қоса, қыркүйек айына көмір мен мазуттың он күндік қорын жасақтау жұмыстары қолға алынған. 

Олег Щемель, «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры 

Қажетті жабдықтар мен материалдар қысқы кезеңде қандай да бір апаттар немесе бұзылулар орын алған жағдайда, уақыт жоғалтпай бірден ауыстыруға мүмкіндік беру үшін қажет. Бұл бізге қажетті бөлшектерді басқа жерден іздеп, сатып алуға уақыт шығындамауды қамтамасыз етеді. Авариялық қор «Павлодарэнерго» АҚ бас инженерімен бекітіліп, оның бақылауында болады. Бұл – күзгі-қысқы кезеңге дайындықтың маңызды әрі ажырамас бөлігі.

Спикер жылу желілерінің меншік нысанындағы соңғы өзгерістердің жұмыс барысына қалай әсер ететіні туралы да айтып өтті.

Олег Щемель, «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры 

Ұлттық жоба шеңберінде жергілікті атқарушы органның меншігіне берілген мүлік бойынша жаңғырту жүктемесі тұтынушыларға толықтай жүктелмейді. Мемлекеттік меншіктегі жылу желілерін несиелендіру және қаржыландыру тетіктері жеке монополистер қолданатын әдістерден өзгеше. Сондықтан бірдей көлемдегі реконструкция жұмыстарын жүргізу бағасы тұтынушы үшін арзанырақ шығады деген пікірдемін. 

Жалпы жаңғырту және жөндеу жұмыстары шамамен 10 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Айта кету керек, барлық қазандық агрегаты бір уақытта жөндеуге тоқтатылмайды – жабдықтардың бір бөлігі үнемі жұмыс істеп тұрады.


Жұлдыз Қабылденова