Павлодарда волонтерлік қозғалыс жыл сайын қарқын алып келеді. Өңірде еріктілер қайырымдылық, экологиялық және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып, қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Бүгінде облыс еріктілер қозғалысы жақсы дамыған өңірлердің қатарында. Ал, белсенді жастардың бастамаларын қолдау мақсатында шағын гранттар саны да артты. 


Былтыр облыс бойынша 20 мыңнан астам волонтерлік шара ұйымдастырылды. Бүгінде Павлодар облысында 86 волонтерлік және 23 қайырымдылық ұйымы жұмыс істейді. Жыл басынан бері ерікті орталығы сегіз бағыт бойынша 70 шара өткізді. Оған 9500 астам адам қатысты. 

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы бөлімінің басшысы

Жалпы, Павлодар облысы ҚР волонтерлық қозғалыстың көшбасшы өңірлерінің бірі болып табылады. Тарихы тұрғыдан алғанда, дәл осы өңірде волонтерлық жүйелі ұйымдасқан және тұрақты қозғалыс ретінде алғашқылардың брі болып қалыптаса бастады. Көптеген жылдар бойы облыс жастарының тартылу деңгейі мен еріктілік белсенділігің ауқымы бойынша республикада жетекші орындарын сенімді түрде сақтап келеді. 

Белсенді азаматтардың идеяларын қолдау мақсатында шағын гранттар байқауы ұйымдастырылуда. Былтыр мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген байқау нәтижесінде жобаларға 500 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді. 

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы бөлімінің басшысы

Егер де 2025 жылы біз 6 грант бөлсек, ағымдағы жылы оны екі есе көбейтіп үлесін, бүгінгі таңда біз 12 шағын гранттар үлесін ұлғайттық. Шағын гранттар өңірімздің еріктілікке белсенділік танытып жақан жастар арасында өткізіледі. Жуырда ғана комиссия отырыс өтті. Шешім бойынша 12 гранттың алтауы қалалық деңгейде, алтауы ауылдық деңгейдегі жастарға тиесілі. Өйткені, бұл облыстық шара болғандықтан, жалпылама ретінде әр ауылдағы жастарды қолдау, оларға мүмкіндік беру мақсатымыз. Әр жас өзінің жобасын іске асыруда. 

Республика көлемінде еріктілерді қолдау, ынталандыру және тәжірибе алмасуға арналған алаңдар құруға ерекше көңіл бөлінген. Облыстың үш қаласы мен он ауданында жастар ресурстық орталықтарының жанынан өңірлік штабтар жұмыс істейді. Олар волонтерлер мен қоғамдық ұйымдарға ақпараттық, ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.

Татьяна Миронюк, «ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-нің атқарушы директоры

Біз үшін тек сандық көрсеткіштер ғана емес, еріктілердің нақты атқарып жатқан жұмысы мен жетістіктері маңызды. Бүгінде Қазақстанда волонтерлік бағытта жұмыс істейтін 800ден астам ұйым бар. Сонымен қатар еліміздің ерекшелігі үш мыңнан астам бастамашыл топтың болуы. Олар ресми тіркелмесе де түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, қоғамға пайдалы істер атқарып келеді. Бұл топтар ортақ мақсат пен қызығушылық төңірегінде бірігіп, нақты мәселелерді шешуге үлес қосуда.

Өңірде әлеуметтік және инклюзивті волонтерлікке ерекше назар аударылады. Соның бірі жалғыз тұратын қарттарға көмек көрсетуге бағытталған «Үлкенге құрмет» акциясы. Оның аясында еріктілер зейнеткерлердің тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектесіп, қарттар үйлеріне барып, мәдени-танымдық бағдарламалар ұйымдастырады.


Сабина Жолдаспаева