28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Ел жүрегіне жақын, көңіліне медеу осынау мамандықты арқау еткен жандар кәсіптің қызығын көріп, қиындығына төзіп келеді. Солардың бірі «Аққу үні» газетінің журналисті Батима Тастамбекова. 


Батима Тастамбекова еңбек жолын мектеп қабырғасында мұғалім болудан бастаған. Ол білім беру саласында 20 жылға жуық еңбек етті. Кейіннен журналистикаға бет бұрып, алғашқы қадамын Аққулы аудандық «Аққу үні» газетінде түзетуші қызметінен бастады, қазіргі таңда бұл саладағы еңбек өтілі 17 жылды құрайды.

Батима Тастамбекова, Аққулы ауданы «аққу үні» газетінің тілшісі

Қарақала ауылында мұғалім болып жұмыс істедім. Отбасыға байланысты осы Аққулы ауданына келіп, осы газетте корректор болдым. Одан кейін, мінекей, қазір корреспондентпін. Енді мектепте жұмыс істегенде, ыңғи балалармен істедім. Сол, мінекей, осы жұмысымда маған көмектесті. Қазір мен халықпен жұмыс істеймін. Сондықтан да осы салаға келгеніме өкінбеймін.

Тілшінің мақалаларына арқау болатын тақырыптар ауқымды. Ол ауданның күнделікті тыныс-тіршілігін, әртүрлі саладағы жаңалықтар мен өзгерістерді үздіксіз жазып келеді. Десе де өзі ерекше ықыласпен қалам тербейтін бағыты бар.

Батима Тастамбекова, Аққулы ауданы «аққу үні» газетінің тілшісі

Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін жазамыз. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім саласы, денсаулық саласы, құрылыс саласын және де, мінекей, жастар саясаты, ардагер бастамалары тыс қалмайды бізден. Ең бастысы маған тақырып жақын ол – еңбек адамдарын жазғанды жақсы көрем. Себебі, мен ойлаймын, әрбір адам қанша еңбек етіп, оның жетістіктерін жазған ол кісіге өте жақсы деп ойлаймын енді. Ол қанша еңбек етіп, оның нәтижесін көрсе, әрбір адам өзін бір жақсы сезінеді деп ойлаймын енді.

КТМ: Бүгінде Батима Шарафатқызы зейнеткерлікке шыққан. Дегенмен өзінің сүйікті ісінен қол үзбей, редакцияда тілші лауазымында қызметін жалғастырып келеді. 


Жұлдыз Қабылденова