Маусым айы басталғалы аптап ыстық жалғасуда. Ал, синоптиктер алдағы күндерге қандай болжам жасап отыр? Алдағы материалда.
Маусым айының басынан бері термометр көрсеткішінің 30 градустан төмендеуі өте сирек болды. Түнгі уақытта 18–23 градус шамасында болса, Екібастұзда кей жерлерде 25 градусқа дейін жетті. Ал айдың алғашқы онкүндігінде күндізгі температура 33–38 градусқа дейін көтерілсе, екінші онкүндікте 29–34 градус аралығында болды.
Мұхамед Бақтыбай, «Қазгидромет» РМК паф синоптик-инженері
Жалпы осы айда синоптикалық жағдай қызық болды. Ай бойы атмосфералық ойыс ауа температурасына әсер етті. Соның нәтижесінде бүгінгі күндегідей ашық әрі бұлтсыз ауа райы сақталды. Айдың басында мезгіл-мезгіл циклондар өтіп, жауын жауған еді. Алайда қазір ойыстың ықпалына байланысты жауын-шашын байқалмайды. Сонымен қатар ай бойы аптап ыстық тіркелді. Мәселен, маусымның 1-і мен 9-ы аралығынла қалада ауа температурасы 36 градусқа жетті. Бұған дейін мұндай көрсеткіштер тіркелмеген еді.
Синоптиктер ай соңына дейін осы жағдай жалғасатындығын айтады. Ау температурасы негізінен күндіз 30–35 градус шамасында болады, ал жекелеген күндері аптап ыстық 38 градусқа дейін күшеюі мүмкін. Тек шілде айында ған температура климаттық нормаға жақын болады.
Мұхамед Бақтыбай, «Қазгидромет» РМК паф синоптик-инженері
Алдын ала болжамдарға сәйкес, шілде айы климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде. Температуралық режим шамамен 2022 жылғы көрсеткіштерге ұқсас болады. Айдың алғашқы онкүндігінде түнгі ауа температурасы 9–14 °C пен 14–19 °C аралығында ауытқыса, күндіз 21–26 °C-тен 26–31 °C-қа дейін көтеріледі.
Келесі айда жауын-шашын мөлшері де климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде.
Жанасыл Серікбол