Павлодарда аулаларды асфальттау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Толығырақ тілші сюжетінде.
2026 жылы Павлодардағы 100 аулада асфальттау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 20 әлеуметтік нысан аумағында абаттандыру жұмыстары жасалады.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы
Бүгінгі таңда асфальттау жұмыстары 23 аулада аяқталды. 12 аумақта жұмыстар жалғасып жатыр. Әлеуметтік нысандардың 8 нысанында жұмыстар аяқталды. Тағы 6-ауында жалғасып жатыр. Жалпы аулаларды асфальттау тұрғындардың өтініші немесе аумақтарға бақылау жүргізу аясында мамандармен анықталады. Павлодар қаласындағы асфальттау жұмыстары тамыздың соңында аяқталады.
Шаһарда жаз басталғалы жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Біріншіден тұрғындардың ұсынысы ескеріледі. Ауламен қатар жаяу жүргіншілер жолы да жаңартылып жатыр.
Самал Қалиқызы