Павлодар облысы желілерді жаңарту жұмыстары бойынша ел бойынша көшбасшылар қатарында. Бұл туралы Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-министірінің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты. Вице-Премьер өңірдің үш қаласының жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Алдымен, Екібастұз қаласындағы жылу желілерін жөндеу барысы көрсетілді.
Бұнда жылу желілерінің 88.6 пайызы тозған. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыру ұлттық жобасы аясындағы шаһарда 4 жоба жүзеге асып жатыр.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және түкш басқармасының басшысы
Жалпы 4 жылу желілерінің ұзындығы 4,2 шақырмды құрайды. Екібастұз бойынша жылу желілерінің тозуы 88,6 пайыз. ЖМ- 16 бойынша ұзындығы 800 метр, құбырдың диаметрі 630 мм дейін жетеді. Бұл сағатына 113 гигокалорийге дейін жетеді. Оған 44 көпқабатты үй қосылған.
Сол сияқты Екібастұзда ЖМ 11 – 0,7 шақырым, ЖМ 10 – 1,7 шақырым, ЖМ 5 – 1 шақырымды құрайтын желілер ауыстырылуда. Барлық жобалар 20 тамызға дейін жүзеге асуы тиіс. Осы желілер жөнделіп, қолданысқа енгізілген сәтте желілердің тозуы 1,3 пайызға азаймақ. Премьер-Министрдің орынбасары көрсеткіш өте төмен екенін айтып, жылу желілері бойынша инвестициялық бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
Павлодар облысы бойынша көрсеткіш 78,2 пайызды құрайды, жөндеу кампаниясы сәтті жүзеге асса 1,6 пайызға төмендейтін болады.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және түкш басқармасының басшысы
Биылғы жылы 16 жоба жоба іске асырып жатырмыз. Оның сомасы 21,6 млрд теңгені құрайды. Бұдан ары қарай 2025-2027 жылдарға арналған 3 жоба жоспарланған. Оның сомасы 131 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда Екібастұзда 4 ЖЖ жаңғыртылады. Оның тозуы 90 пайыз болған, жаңартылғаннан кейін 0 пайыз болады.
Ал Ақсу қаласында желілердің тозуы 52,7 пайызды құрап отыр. Құбырлардың ұзындығы 116 шақырымды құрайды. Бұл ретте мында екі ірі жоба биыл жүзеге асып жатыр.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және түкш басқармасының басшысы
Бірінші жоба ЖМ ½ диаметрі 630 мм құрайды. Жобаны 15 қыркүйекте аятһқтауды жоспарлағанбыз, қазір мердігер бәрін төсеп, қайт жабу жұмыстарын жасауда. Бұл желі ыстық суға қосылған. Аталмыш магистраль қаланың 3 тен бір бөлігін қамтып отыр. ЖМ 1/5 жобасында 720 мм ге ауыстырылады.
Ақсу қаласында магистральдік желілер 100 пайызға жаңартылған. Ең ескілері 2012-2013 жылы өткізген желілер деді облыс әкімі Асайын Байханов. Ақсуда кварталішілік желілердің жағдайы да жаман емес. Гидравликалық сынақтар кезінде ақаулар анықталса, бірден жөнделеді екен.
Павлодар облысы жылыту маусымына қарқынды дайындық үстінде. Жобалар аяқталып, дәстүрлі түрде жылу маусымына уақытылы кіреміз деді облыс әкімі.
Асайын Байханов, Павлодар облысынынң әкімі
Ұлттық жоба бойынша сіздердің қолдаумен, барлық жобаларды 20 тамызға дейін аяқтаймыз. Жылыту маусымы 1 қыркүйекте әлеуметтік нысандарға беріледі, 1 қазанға қарай толықтай кірісеміз. Барлық жөндеулерді аяқтаймыз.
Қазір желілерді жөндеу жұмыстары бойынша күштер Павлодар қаласына аударылып отыр, деді аймақ басшысы. Айта кетейік, Павлодарда жылу желілірінің ұзындығы 828 шақырымды құрайды. Тозу 81,8 пайызға жеткен. Бұдан бөлек, ПРемьер министрдің орынбасарына электр желілері бойынша жүзеге асып жатқан жобалар таныстырылды. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2 жыл қатарынан «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы жүзеге асып келеді. Осы жоба аясында Павлодар облысында ауқымды шаралар қолға алынып жатыр. Себебі біздегі жылу желілері өткен ғасырдың 70-80 жылдары өткізілген. Қазір ескіріп тозған. Ал, Ұлттық жоба осы көрсеткішті азайтуға мүмкіндік береді.
Қанат Бозымбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары
Павлодар облысы өткен жылы алғашы пилоттық жобаларға ие болды. Облыс әкімінің бастамасы бойынша. Жылу мәселелері қиындау болды. Магистарльдік желілер жалпы Ақсу мен Павлодарда бітеді. Енді жергілікті атқарушы органдар кварталішілік желілерді 2-3 ауыстырамыз деп отыр. Үш көзден қаржыландыру қарастырылады. Тиісті жобаларды әзірлеп жатыр.
Павлодар облысындағы жұмыс қарқынына ПРемьер министрдің орынбасары жақсы баға берді. Біздің өңір желілерді ауыстыру жұмыстары бағытында ел бойынша көшбасшылар қатарында екен.
Самал Қалиқызы