Павлодардан бірнеше шақырым жерде жоғалған 76 жастағы балықшыны іздеу кезінде Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Әуе кемесінің бортында 13 адам болған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның куәгері болған павлодарлық еріктілер сол сәтте зейнеткерді іздеу жұмыстарына қатысқан. 


Екатерина Кудрявцева, «vita» іздестіру жасағының жетекшісі 

Тікұшақ бізден шамамен 200 метр жерге құлады. Сол кезде еріктілер құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге болған. Олар тікұшақтың бір қырымен қисайып ұшып бара жатқанын байқайды. Артынша әуе кемесінің төмендеп бара жатқанын көріп, оқиға орнына жету үшін көлікпен жеткізуді сұрады.