Өңір аумағында қыс мезгіліне дайындық тыңғылықты жүргізілуде. Сонымен, жол бойында қанша жылыту пункттері бар. Және автомобиль жолдарының дайындығын қандай? Алдағы бейнематериалдан көрейік.

Төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында, атап айтқанда қысқы кезеңге тыңғылықты дайындық жұмыстары басталды. Жеке құрамның 2000-нан астам адамы, 432 бірлік қар тазалау техникасы, 334 бірлік инженерлік техника, 137 бірлік эвакуациялық техника қысқа дайын.

ҚАЙРАТ ШАЙМАРДЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар 189 жылыту пунктін дайындады. Олардың жалпы сыйымдылығы 10 мыңнан асады. Бұдан басқа, бізде облыс аумағындағы Қалқаман мен Шідерті де жылыту бөлімшелері қарастырылған

Бұдан бөлек жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстары атқарылуда. Павлодар облысының республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5532 км құрайды. Қысқы кезеңде ақылы жолдарды қатаң бақылауға алу үшін 4 бірлік автогрейдерлер алынған, одан бөлек 33 техникаға конкурсар өткізілуде.

АЛМАТ ШОЙЫНБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі кезде бізде қысқы күтіп-ұстауға барлық материал дайын деуге болады. Құм, техникалық тұз, т.б. Жедел-штаб бойынша бізде мастер тәулік бойы жұмыс жасайды, арнайы бригадалар бар жұмыс жасайтын

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау жұмыстарын орындайтын 107 бірлігі бар. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 131 км болатын 118 қарлы учаскерлер анықталған. Бұдан бөлек жолдарға төселетін материалдар да алынды.

ДУДАР САҒИТОВ, «КАЖСЕРВИС» ЖШС ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бұл учаскерлер қысқы кеезң басталғаннан кейін қаатң бақылауға алынады. Көктайғайққа қарсы материалдар дайындалды барлық көлемде. Атпа айтақанда құм 21 мың 50 тонна дайындалды. Техникалық тұз 100 пайыз дайындалды

Жолдарда қауіпсіз жүру үшін қауіпсіздік тұрақты түрде қамтамасыз етіледі. Қолайсыз ауа райы кезінде бақылау күшейтілетін болады.

Қымбат Садық