Павлолар облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Махмет Демесіновтың «Өмір жолы – өнеге» атты жаңа кітабы жарық көрді. Облыстық кітапханадағы шараға зиялы қауым өкілдері мен, оқырмандар жиналды. Толығырақ тілші материалынан көрейік.

Махмет Демесінов ғасырға жуық өмірінде бар мен жоқты сезіп, сұрапыл соғыс жылдары мен бүгінгі азат елдің арайлы аспанын өз көзімен көріп келеді. Ол жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесіне, салт пен дәстүрдің сақталуына үлес қосып, қоғам үшін аянбай еңбек етті.

МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Абзал ақсақалдың осындай дүние шығарып, -оны өсіп келе жатқан өрендерге алар өнегесі, жол көрсететін үлкен бір дүние деп ойлаймын. Аға, қаалмыңыз тоқтап қалмай, әр қарай жаза беруіңізге шын жүректен тілектеспін. Өзі сіздей жасқа жетіп, ақыл көрсетіп, оны қағаздың бетіне түсіріп, кітап қылып шығарып жатқанның өзі екінің бірінің басына бұйыра бермейтін бақ деп ойлаймын

Абыз ақсақалдың «Өмір жолы – өнеге» атты жаңа кітабы мол қазынаға толы. Онда көзкөргендер мен замандастар туралы ыстық естеліктер, ел мен жер туралы мақалалар, өткен мен келешек туралы толғаныстар топтастырылған.

Шараға зиялы қауым өкілдері мен өнер сүйер оқырман көптеп жиналды. Махмет Демесіновтің парасатты өмірі өскелең ұрпаққа үлгі өнеге екені анық.

Қымбат Садық