Алкогольді ішімдік ішіп алып, рөлге отыратын жүргізушілер саны азаймай тұр. Ел аумағы бойынша өтіп жатқан жедел алдын алу шарасы барысында Успен ауданының тәртіп сақшылары жол жүру ережесін бұзған мас жүргізушіні ұстады.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ауыл азаматы орта дәрежелі мас күйінде көлік құралын басқарған. Темір тұлпар айып тұрағына жеткізілді. Ал жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материал сотта қаралды. Сот қаулысымен ер адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұдан бөлек 15 тәулік қамауға алынды. Полицейлер мас күйде көлікті тізгіндемеуді қатаң ескертеді. Бұл жол-көлік оқиғасына себепкер. Адам өміріне қауіп төндіреді.