Интернеттегі алаяқтық оқиғалары күннен -күнге көбейіп барады. Өткен жылы мұндай 900-ге жуық қылмыс тіркелсе, биылғы он айдың өзінде 1200-ге жетіпті.
Құқық қорғау органдары алаяқтардың интернет кеңістігіне тез бейімделіп жатқанын және қылмыс схемаларының жетілдіріліп жатқанын хабарлады. Содан кейін ұрланған қаражатты жәбірленушіге қайтару қиындай түседі. Мәселен, биыл тіркелген 1200 алаяқтық оқиғасының 160-ы ғана ашылған.
Алаяқтардың танымал әдістерінің бірі - SMS кодтары. Олардың көмегімен алаяқтар жеке деректерге қол жеткізе алады. Бірақ қазір одан да шебер әдістер бар.
Бұрын жасы үлкендер құрбан болатын. Қазір заманауи жастар да алаяқтардың айла-амалына түсіп қалады. Киберқылмыскерлердің жастарға арналған басқа да схемалары бар. Облыста алаяқтықтың 70 ке жуық түрі тіркелген.
Жанасыл Серікбол