Достық үйінде кезекті қоғамдық кеңес кеңес отырысы өтті. Осы жолы Павлодар облысы полиция департаменті жыл бойы жасалған жұмысының нәтижесімен бөлісті.
Кеңесте заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары баяндама жасады. 2024 жылдың 10 айы бойынша жасалған жұмыстар қорытындысымен таныстырды. Осылайша, биыл полиция департаментімен 9971-ден астам қылмыстық іс қарастырылды, оның ішінде 5376-сы аяқталды. 1956 қылмыстық іс сотқа жіберілді.
САФУАН ЖАМПЕЙІСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2024 жылдың 9 айы ішінде өндірістік істер бойынша материалдық шығын мөлшері 3,5 млрд теңгені құрады. Сараптама негізінде, қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын көлемі экологиялық қылмыстар бойынша болған. Оның ішінде 339-шы бап бойынша Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлеріне, олардың бөліктеріне заңсыз қарау бойынша болды. Одан бөлек, Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы әйелдер мен балалардың қауіпсізігін сақтау мақсатында заңды қатаңдатқан еді.
Департамент бастығы орынбасарының сөзінше барлық ақпараттар, қылмыстық істер бірыңғай базада электрондық форматта сақталады. Бұрынғыдай қағазбастылық жоқ деді.
САФУАН ЖАМПЕЙІСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қылмыстық Кодекске үш жаңа бап енгізілді. Вейптердің заңсыз айналымы, 16 жасқа толмаған адамға сексуалдық сипаттағы әрекет жасау, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау. Ол бойынша маусым айынан қарашаға дейін 341 заңбұзушылық тіркелді. Олардың ішінде 237 іс аяқталды. 62 іс сотқа жіберілді.
Сонымен, қоғамдық кеңеске мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Олар отырыс барысында полиция департаментінің жұмысына қатысты сұрақтарын қойды.
Самал Қалиқызы