Биыл «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акцонерлік қоғамы 34 миллионға жуық қызмет көрсеткен. Қызметтердің жалпы санының 16,6 млн-нан астамы электрондық форматта көрсетілсе, 15,9 млн-ға жуық қызмет автоматты түрде атқарылыпты. Бұл операциялардың 96% қашықтықтан көрсетілді.
БЖЗҚ қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны өскен. Міндеті де кеңейген. Өйткені, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы енгізілді, сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы іске қосылды.
Павлодар облысында міндетті зейнетақы жарналары жинақталып жатқан 483 658 шот бар. Онда 970 млрд теңгеден астам қаржы жинақталған. Ал, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 59 261 шотта сақталуда, онда 54 млрд. тан астам тенге көлеміндегі жинақ бар. Сондай-ақ, облысымызда нысаналы талаптарға қатысушылардың саны – 213 934 адам.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы 2,6 миллионнан астам өтінішін орындады. БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті оператор банктерде ашылған арнайы шоттарына шамамен 3,6 трлн теңге аударды. Павлодар облысының тұрғындарынан нысаналы пайдалану – тұрғын үй жағдайын жақсартуға 100 мыңнан астам өтініш түсті, оның ішінде өңделген өтініштер негізінде салымшылардың арнайы шоттарына 100 млрд.теңгеден астамы аударылды.
Жанасыл Серікбол