12-15 қараша күндері өңірімізде бірінші республикалық «Жастық шақ» домбырашылар конкурсы өтеді. Осыған орай, байқаудың қазылар алқасы, өнер майталмандары баспасөз конференциясын өткізді. Толығырақ тілші материалынан көрейік.
Қазақтың күй өнерін дәріптеуге арналған шара бұған дейін облыстық деңгейде өткізілді. Биыл өтетін 1 республикалық домбырашылар конкурсына 16-35 жас аралығындағы 32 қатысушы келген. Шығармашылық байқау 3 кезеңде өтеді.
Қатысушылар өнерін республикаға танымал өнер майталмандары бағалайды. «Жастық шақ» атты күй сайысы Рүстембек Омаровтың есімін ұлықтауды мақсат еткен.
Дәулескер күйшінің тағдыры ауыр келеді. Ол жастайынан ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде өскен. Ол жерден туысқан ағасы Темірболат Арғынбаев Алматыға алып кетіп, өнер биігіне жол салып береді. Рүстембек Омаровтың өмірін зерттеу мақсатында облыстық филармонияда ынталы топ құрылып, тың жұмыстар атқарылыпты.
Айта кетейік, мәдени шараны тамашалауға Рүстембек Омаровтың қызы, ағайынды қарындасы да арнайы келді. Республикалық конкурс 12-15 қараша күндері өтеді.
Қымбат Садық