Павлодарда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы өтті. Үш күн бойы тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтардың жолын кесу арқылы жол жағдайын бақылауды күшейтті.
Жедел-профилактикалық шара нәтижесінде 1375 жол жүру ережесін бұзған жүргізуші анықталды. Оның 437-сі жылдамдықты асырған. 60 көлік тізгіндеуші жол үстінде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен. Тағы 32 жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналын елемей, біреуі қарсы жолаққа шыққан. Сонымен қатар, көлікті мас күйінде жүргізген 25 жүргізуші тоқтатылып, 46 автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ әкімшілік жаза жаяу жүргіншілерге де қатысты қолданды. Алдын алу шарасы барысында 181 азамат белгіленбеген жерде жолды кесіп өткен. Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Сабина Жолдаспаева