Павлодарское ауылында жеке тұрғын үй отқа оранды. Төтеншеліктер оттан бір газ баллон алып шықты. Өрттің себеп салдары анықталуда.
Павлодарское ауылы Қонаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама сағат түнгі он жарымда келіп түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетті.
АЙХАН РЫМХАНОВ, ТЖБ АҒА АНЫҚТАУШЫСЫ
Хабарлама орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Қабылданған шаралармен жалпы ауданы 120 шаршы метрді құраған өрт 00.03 сағатта толықтай жойылды. Өрт сөндірушілер оттан бір газ баллонды алып шықты. Өртке ТЖД 6 бірлік техникасы мен жеке құрамның 15 адамы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.
Айта кетейік, төтеншеліктер жылыту маусымы кезінде барынша абай болуға шақырады.
Самал Қалиқызы