Халық банкінің Павлодар қаласындағы филиалдарының бірін тонамақ болған. Алайда, тонаушылардың жолы кесілді. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр.

Полиция департаментіне 11 - қараша күні сағат 9:30-да қаладағы банк бөлімшелерінің бірінде қабырға бүлінгені туралы хабарлама келіп түскен. «Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы шықты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда».