Павлодар облысының мәдени мұрасы түгенделіп жатыр. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Юнескоға кезекті мерзімді есебін тапсыруы аясында жасалуда. 13 материалдық емес мәдени мұраның жағдайы анықталады. Ол үшін біздің өңірге жұмыс тобының мүшесі Ардаби Мәулет келді.
Биыл Қазақстан Республикасы Юнескоға кезекті мерзімді есебін тапсыру жылы. Бұны тек біздің еліміз ғана емес, Дүниежүзіндегі барлық мемлекеттер жүргізеді. Еліміздің барлық өңірлері рухани, мәдени мұраны бір түгендеп жатыр. Осыған орай өңірдің өнертанушылары, ұлттық спортшылары, жыршы-термешілері, зерттеушілері семинарда бас қосты.
АРДАБИ МӘУЛЕТ, ӨНЕРТАНУ PHD ДОКТОРЫ
Мәдениет деген ұғым екіге бөлінеді. Құрметті әріптестер дей берейін. Үлкен бір саласы бұл материалдық мұра, бұл археологиялық қазбалар, мәдени тарихи ескерткіштер, табиғат ескерткіштері онымен сіздер жақсы жұмыс жүргізіп жатырсыздар. Барлық облыстар материалдық мұрамен жұмыс жасап жатыр. Екінші сала материалдық емес мәдени мұра. Бұл мынадай нәрсе, құстың екі қанаты болады ғой, қарапайым түсіндірейін. Қазір материалдық мұраны көтерлік, сондықтан бір қанатпен ұшып бара жатырмыз. Негізі екі бағыт параллель жүру керек.
Жалпы Юнесконың материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Репрезентативтік тізіміне енгізілетін 13 элементі бар. Олар күй өнері, киіз үй, айтыс, ұлттық күрес, құсбегілік, қатырма дайындау, наурыз, асық ату, Қорқыт ата, Қымызмұрындық, тоғызқұмалақ, Қожанасырдың әзіл әңгімелері, ортеке. Осы 13 мәдени элементтің қазіргі жай күйі бір анықталады. Негізгі мақсат – жеке және бірлескен 13 элемент ЮНЕСКОның қорғауына алынғандықтан 5 жыл сайынғы есеп беру жұмыстарын қадағалау.
АРДАБИ МӘУЛЕТ, ӨНЕРТАНУ PHD ДОКТОРЫ
Сол 13 элементтің қазіргі жай-күйін анықтау мақсатында инвентаризация, түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай мақсатпен Павлодар облысында осы 13 элемент бойынша түгендеу, облыстың паспортизациясын жасау, номинационный карта дейді. Қазіргі жай күйіне байланысты сауалнамалар толтыру, оларды сақтап отырған, жалғастырып отырған, жеке мұрагерлермен, қауымдастықтардың деңгейін анықтау. Қай деңгейде қандай мекемелер, қандай мұрагерлер кейінгі ұрпаққа жалғастырып сақтап отырғандығын есепке біз кіргіземіз.
Осылайша Юнескоға мерзімдік есеп беру мақсатында өңірдің георафиялық жағдайы, тарихи мәдени ахуалы, көші қон көрсеткіші реттеліп, паспортизация жасалады. Жалпы біздің елде қазіргі таңда 80-ге жуық материалдық емес мәдени мұра тізімі бар екен.
Самал Қалиқызы