Павлодарда «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» қайта ашылды. Бұл жолы 40-тан астам студент мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен танысады.
Бұл жерде жиналғандардың бәрі колледж бен жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері. Әне-міне дегенше оқуларын аяқтап, еңбек жолын бастайды. Бірақ қызметін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келеді.
Осындай жастар үшін бізді елімізде жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс жасайды. Оған тек оқу орындарының 3-4 курс студенттері ғана қатысады. Өндірістік тәжірибені өздері таңдаған мемлекеттік органда өтеді. Осылайша өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Жоба біздің өңірде екінші рет өтіп отыр. Оған 40-тан астам жас қатысып отыр.
АСХАТ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі кезде біз 47, 2025 жылғы түлектерді алып отырмыз. Олар мемлекеттік қызмет туралы ақпарат беріледі. Олардың алдында департамент басшылары, ардагерлер, құрметті азаматтар сабақ береді. Олар тәжірибелік практикадан өтеді. Мемлекеттік органдарда өтуге құқылы. Олар өздері таңдайды.
Жас мемлекетшілер мектебінде оқулар аяқталған кейін, келушілер тест тапсырады. Содан кейін студенттерге сертификаттар табысталады. Айта кетсек, жоба дарынды, талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тартуға бағытталған.
Самал Қалиқызы