1 маусым мен 30 қазан аралығында республика аумағында Қарасора-2024 жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Операция құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтауға, оларды жоюға бағытталған. Толығырақ алдағы сюжетте.

Кең көлемде өткен іс-шара барысында 1607 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 799 заңсыз сату фактісі, 194 сақтау, 245 өсіру фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 21,5 жарым тонна есірткі тәркіленді. Сонымен қатар, полиция екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Жалпы салмағы 3 тонна болатын 15 мыңнан астам үнді және галант қарасорасының бұталары жойылған. Яғни, айналымға есірткінің 166 мыңнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді. Оның қара нарықтағы орташа құны 7 жарым млрд теңгені құрайды.

Осы іс-шара шеңберінде екі атыс қаруы тәркіленіп, 12 күдікті мен іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталып, қамауға алынған.

Қымбат Садық