15 қараша - тәуелсіздік алғаннан кейін, төл теңгеміз айналымға шыққан күні. 1992 жылы Ұлттық банкте ұлттық валютаның алғашқы үлгісі көрсетіліп, бекітілді. Ұлттық валюта- бұл дербес мемлекеттігімзідің басты нышаны. Осыған орай Ертіс музейінде арнайы көрме ұйымдастырылды.
Облыс орталығындағы Ертіс мультимедиялық музейінде тақырыптық көрмелер жиі ұйымдастырылады. Бұл жолғысы теңге күніне тікелей байланысты.
Көрмеге сондай-ақ, жеке коллекциянердің жинаған құнды дүниелері таныстырылды. Коллекция жинау – тек хобби емес, өте пайдалы іс. Ол – тарих пен болашақты байланыстыратын ерекше көпір. Аты-жөнін атмауды қалаған тұрғын 7 жасынан бастап осы хоббиге қызығып, өмір бойы коллекциялар жинаумен айналысады.
1993 жылы қолданыла бастаған төл валюта осы уақыт аралығында нығайып, әлемдегі дизайн тұрғысынан ең әдемі әрі тұрақты валюталардың біріне айналды. Сондай-ақ заман талабына сай жаңарып, өзгерді.
Шараға жиналған оқушыларға теңге тарихы туралы қызықты фактілер айтылды. Тарихты сүйетін әуесқойлар үшін көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қала тұрғындарына мұражайға келіп, ұлттық валютамыздың тарихымен танысуға алдағы күндері де мүмкіндігі бар.
Қымбат Садық